Әдістеме » Сұраншы батыр ат.ОМ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+ 7(727)70-51-242
Есепші бөлімі:
+ 7(727)70-51-242
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
ноябрь
2022

Әдістеме

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебінде,
2022 жылдың 20 қазан күні мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында,
мектеп әкімшілігінің сұранысымен Жамбыл аудандық Білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскерлері С.Аденова, А. Сатова, Г.Апиева, А.Сатылғанова, А.Келимбаева және аудандық ассоциация мүшелері әдістемелік көмек көрсетті. Әдістемелік күнде барлық пән мұғалімдері өзара сабақтарға қатысу арқылы тәжірибе алмасып, тиімді кері байланыс алды. Сонымен бірге әдіскерлердің шеберлік сабақтарына қатыса отыра, сабақты жоспарлау мен қалыптастырушы бағалауды жүргізудің тиімді тәсілдерін оқып үйренді. Әдістемелік күн өткізе отырып, мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсетіліп, өзара сұхбат арқылы алдағы жұмыстар жоспарланды.
Әдістемелік күнді аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Аденова Салтанат Сәбетовна қорытындылап, мектеп ұжымы мен мектеп директоры А.Кайынбаеваға әдістемелік қолдау көрсетілетінін және үнемі серіктестіктік арқылы тығыз байланыста болатындығына сенімін білдірді.
Мекен жайымыз
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Талап а.о., Сұраншы Батыр ауылы, Жамбыл көшесі, 20Б үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл Ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сұраншы Батыр Ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru