Бос лауазым » Сұраншы батыр ат.ОМ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+ 7(727)70-51-242
Есепші бөлімі:
+ 7(727)70-51-242
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
сентябрь
2022

Бос лауазым

«Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің « Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Талап ауылдық округі, Сұраншы батыр ауылы, көшесі Жамбыл, үй №20Б, электрондық пошта - suranshy.om@mail.ru, байланыс телефон нөмірі - 8 (72770) 51-2-42

Бос лауазымның атауы – мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары;
Жалақының төлеу мөлшері – 150 000 теңгеден -200 000теңгеге дейін
Жұмыс түрі – тұрақты Бірлік- 1 штат.
Оқыту тілі – қазақша


3-параграф. Орта білім беру ұйымдарының басшысының (директорының) оқу ісі жөніндегі орынбасары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру)
1. Лауазымдық міндеттері: оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады.
Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындау бойынша педагогтардың жұмысын, сондай-ақ қажетті құжаттарды әзірлеуді үйлестіреді.
Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарын тексереді, басшылыққа бекітуге келіседі және ұсынады;
Білім беру процесінің сапасын және мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады; ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Білім беру үдерісіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.
Пәндер бойынша мектеп ішілік бақылауды ұйымдастырады және іске асырады, білімді шектеуді өткізеді, мектеп ішілік бақылаудың нәтижесі бойынша білім сапасын, бөлімді және тоқсанды суммативтивті бағалауды талдайды.
Пән бойынша білімді тематикалық бақылаумен қамтамасыз етеді.
Білім алушылардың оқу жүктемесін бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және жұмыс оқу жоспарының вариативті компонентінің сабақтарының кестесін жасайды.
Білім алушылар мен педагогтардың олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады.
Білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері мен эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады,ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оны талдауды қамтамасыз етеді.
Педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды.
Педагогикалық кадрларды іріктеуге қатысады.
Тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санатын беру (растау) бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Оқу зертханалары мен кабинеттерді қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықтау, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру бойынша ұсыныс береді және жұмысты жалғастырады, баламалы оқулықтарды іске асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді алуға өтінімді ұйымдастырады, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстар, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру.
Кітапхана қорын қажетті әдебиеттермен толықтыруға жыл сайын өтінімді енгізеді.
Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Белгіленген есеп беру құжаттамасының сапалы және уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді.
Кері байланысты ұсына отырыппедагогтердің сабағына қатысады және талдау жасайды.
Оқу процесін жетілдіру бойынша тренингтер, оқыту семинарларын, оқу әдістемелік сағаттар өткізеді.
Педагогикалық кеңестің тәртібі мен материалдарын әзірлейді.
Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
2. Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
педагогика және психология негіздерін,
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін,
менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін,
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін және соңғы 3 жылдан кем емес үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілін растайтын құжат;
оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде – қосымша "педагог – сарапшы" немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – мастер" санатының болуы.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі:2022 жылдың 21 қыркүйектен 30 қыркүйекке дейінгі аралығында.
5 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 107 тармағына сәйкес (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) жүргізіледі.
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-1752020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; наркологиялық ұйымнан анықтама;
8) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
6.Конкурстық құжаттар Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Талап ауылдық округі, Сұраншы батыр ауылы, көшесі Жамбыл, үй №20Б, « Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қабылдау бөлімінде қағаз немесе электронды түрде қабылданады.


Коммунальное государственное учреждение « Средняя школа села Сураншы батыра» государственного учреждения «Отдел образования по Жамбылскому району Управления образования Алматинской области»

Алматинская область, Жамбылский район, Талапский сельский округ, село Сураншы батыр, улица Жамбыл, дом №20Б, электронная почта: suranshy.om@mail.ru, раб.телефон - 8 (72770) 51-2-42
Наименование вакантной должности- Заместитель руководителя по учебной работе;
Размер оплаты труда– от 150 000 тенге – до 200 000тенге
Тип занятости – постоянно
Язык обучения - казахский

1. Должностные обязанности: Организует учебно-воспитательный процесс, текущее планирование деятельности организации образования.
Анализирует состояние учебно-воспитательного процесса, научно-методического и социально-психологического обеспечения.
Координирует работу педагогов по выполнению Государственных общеобязательных стандартов образования, рабочих учебных планов и программ, а также разработку необходимой документации. Проверяет краткосрочные планы педагогов.
Осуществляет контроль за качеством образовательного процесса и объективностью оценки результатов освоения знаний в рамках Государственных общеобязательных стандартов образования.
Осуществляет работу по организации проведения текущей и итоговой аттестации.
Обеспечивает внедрение новых подходов, эффективных технологий в образовательный процесс.
Организовывает и осуществляет внутришкольный контроль по предметам, проводит срез знаний, анализирует качество знаний по итогам внутришкольного контроля, СОР и СОЧ.
Обеспечивает тематический контроль знаний по предметам.
Осуществляет контроль за учебной нагрузкой обучающихся, составляет расписание учебных занятий, курсов и занятий вариативного компонента рабочего учебного плана.
Организует участие обучающихся и педагогов в олимпиадах, конкурсах, соревнованиях.
Координирует деятельность службы психолого-педагогического сопровождения обучающихся с особыми образовательными потребностями.
Осуществляет координацию предметных методических объединений и экспериментальной работы организации образования, обеспечивает научно-методическую и социально-психологическую работу и ее анализ.
Обобщает и принимает меры по трансляции эффективного опыта педагогов. Участвует в подборе педагогов.
Организует работу по наставничеству, повышению квалификации и присвоению (подтверждению) квалификационных категорий.
Планирует работу и вносит предложение по оснащению учебных лабораторий и кабинетов современным оборудованием, наглядными пособиями и техническими средствами обучения, совместно с учителями-предметниками осуществляет выбор альтернативных учебников, организовывает заявку на приобретение учебников и учебно-методических комплексов, в том числе электронных учебников и цифровых ресурсов, пополнению методических кабинетов и библиотек учебно-методической и художественной литературой.
Ежегодно вносит заявку на пополнение фонда библиотеки необходимой литературой.
Обеспечивает безопасность используемых в учебно-воспитательном процессе оборудования, приборов, технических и наглядных средств.
Обеспечивает качественное и своевременное составление установленной отчетной документации и анализирует уроки педагогов с представлением обратной связи.
Проводит методические часы, обучающие семинары, тренинги по совершенствованию учебного процесса.
Готовит повестку и материалы педагогических советов.
Внедряет концепцию "Образование, основанное на ценностях" в организации с участием всех субъектов образовательного процесса, в том числе семьи детей.
Прививает антикоррупционную культуру, принципы академической честности среди обучающихся, воспитанников, педагогов и других работников.
2. Должен знать:
Конституцию Республики Казахстан, Трудовой Кодекс Республики Казахстан, законы Республики Казахстан "Об образовании", "О статусе педагога", "О противодействии коррупции" и другие нормативные правовые акты, определяющие направления и перспективы развития образования;
основы педагогики и психологии;
Государственные общеобязательные стандарты образования, типовые учебные программы, типовые учебные планы, достижения педагогической науки и практики;
основы менеджмента, финансово-хозяйственной деятельности;
правила по безопасности и охране труда, противопожарной защиты, санитарные правила и нормы.
3. Требования к квалификации:
высшее и (или) послевузовское педагогическое или иное профессиональное образование по соответствующему профилю или документ, подтверждающий педагогическую переподготовку, стаж педагогической работы не менее 3 лет;
при осуществлении преподавательской деятельности – дополнительно наличие квалификации "педагог – эксперт" или наличие "педагог – исследователь" или "педагог – мастер".
Прием документов на участие в конкурсе производится с 21 сентября по 30 сентября 2022 года.
Мекен жайымыз
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Талап а.о., Сұраншы Батыр ауылы, Жамбыл көшесі, 20Б үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл Ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сұраншы Батыр Ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru