Қазақстанда 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өткен 2021 жылғы Үшінші ұлттық халық санағы аяқталды. » Сұраншы батыр ат.ОМ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+ 7(727)70-51-242
Есепші бөлімі:
+ 7(727)70-51-242
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстанда 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өткен 2021 жылғы Үшінші ұлттық халық санағы аяқталды.
04
ноябрь
2021

Қазақстанда 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өткен 2021 жылғы Үшінші ұлттық халық санағы аяқталды.

Қазақстанда 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өткен 2021 жылғы Үшінші ұлттық халық санағы аяқталды. 31 қазан мен 8 қараша аралығында бақылау таңдамалы аралау кезеңі басталды. 1 қарашадағы жағдай  бойынша халық санағы 192366 адамды  немесе 111,3% . Жамбыл ауданы бойынша  61656 онлайн адам ,130710  адам  оффлайн  форматтарда  өтті  111,3% пайызды құрады. Естеріңізге сала кетейік,халық санағы 2020 жылғы Дүниежүзілік халық және тұрғын үй қорының аясында өткізілуде. 2021 жылы  Қазақстанмен қатар тағы 60 мемлекет халық санағынан өтті. Санақ аяқталғаннан кейін әлуметтік желілерде “санақ бітті, бірақ мені тіркеген жоқ” деген негативті пікірлер пайда бола бастады. 30 күн бойы  154 санақ сұхбатшылары  күн сайын қатаң белгіленген әдістеме бойынша  өз учаскелерін аралады,мүмкін сұхбатшылар  сізді үйде  таппаған шығар. Көптеген пәтерлер иелері санақ қызметкерлеріне есіктерін ашпады, олар бір пәтерге бірнеше рет келуге мәжбүр болды. Қазіргі таңда  санақтан уақытылы өтпеген тұрғындардың басым бөлігі  белсенділік танытып , азаматтық борышын өтеп, өз бетінше өтіп жатыр, өйткені www.sanag.gov.kz  сайты бақылау кезеңінің соңына дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар,санақтан өте алмаған тұрғындар Egov  электронды үкімет порталындағы сілтеме бойынша  және “Айту “ мобильді қосымшасын  пайдаланып өте алады. Кейбір тұрғындар колл-центрге қоңырау шалып,өз үйіне сұхбатшыларды шақырады. Жамбыл ауданының Статистика басқармасы ауыл тұрғындарына әрдайым көмектесуге дайын, санақшылар дереу сол мекенжайларға барады.Осыған орай,жаңадан шыққан  хейтерлер пікір жазумен уақыт жоғалтпай , санақ сайтын көріп шығуға немесе жәй ғана  сұхбатшы –санақшыны үйіне шақыруды ұсынамыз.
“Мемлекеттік статистика туралы” Заңның “Ұлттық санақтар туралы” 21- бабында ұлттық санақтар кезіндегі баситапқы статистикалық деректерді респонденттер міндетті түрде және ақысыз түрде береді деп көрсетілген. Сонымен  қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасында бастапқы статистикалық деректерді ,оның ішінде  халық санағы  кезінде  ұсынбағаны  үшін жауапкершілік көзделген. Бұл әлемдік тәжірбие. Қазақстан Республикасында бұл норма  “Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы “  Қазақстан  Республикасы  Кодексінің 497-бабында жазылған. Санақ халықты қарапайым  санау емес, санақ сауалнамасына көптеген аспектілер енгізілген. Қазақстанда халық санағы әр 10 жыл сайын жүргізілетіндіктен,алынған мәліметтер  көптеген  мекемелер алдағы он жыл ішінде  өз қызметінде пайдаланатын  орасан зор ақпарат көзіне айналады.Тұрғындар енгізген көрсеткіштер негізінде  мемлекет халықтың сандық құрамын ғана емес , сонымен бірге сапалық құрамын да анықтайды,белгілі бір облыстың,қаланың,ауылдың инфрақұрылымының дамуын болжайды және жоспарлайды. Мысалы, халық санының өсуі байқалатын  ауылдық округтерде  қосымша мектептер,ауруханалар,перзентханалар, кәсіпорындар салу жоспарланады. Халық санағы аяқталғаннан кейін осы аптада  инструктор-бақылаушылар интервьюерлермен бірлесе отырып, әрбір есептік учаскелердің 10 пайызын қамтитын тұрғын үйлердегі респонденттерге сауалнама жүргізеді. Бұл кезең 8 қарашаға дейін жалғасады және 2021 жылғы халық санағы кезінде халықты тіркеудің толықтығын және деректер сапасының дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.Сонымен қатар бұл шара сұхбатшылардың әрбір тұрғын үйге барғанын және сауалнаманың барлық  тұрғындар үшін толтырылғанына сенімді қамтамасыз етеді. Халық санағынан қандай да бір себептермен өтпеген аудан тұрғындарына  өтініш бізбен хабарласып санақтан  өтулеріңізге  болады. 

Похожие публикации:

29 март 2022 Мектеп тарихы
25 март 2022 Директор беті
Мекен жайымыз
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Талап а.о., Сұраншы Батыр ауылы, Жамбыл көшесі, 20Б үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл Ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сұраншы Батыр Ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru