Қазыбек би 355 жыл » Сұраншы батыр ат.ОМ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+ 7(727)70-51-242
Есепші бөлімі:
+ 7(727)70-51-242
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазыбек би 355 жыл
14
ноябрь
2022

Қазыбек би 355 жыл

Тіліміздің құңдылығы мен байлығын көрсетіп, ғасырлар бойы жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан Қаз дауысты Қазыбек бидің шешендік сөздеріне тоқталып өтсем. Биыл - Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына 355 жыл.
Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының 17-18 ғасырда өмір сүрген үш биінің бірі, қоғам және мемлекет қайраткері. Қазыбек би 1667 жылы Сырдария өзенінің  бойында туған. Орта жүздің арғын тайпасы, оның ішінде қаракесек руынан шыққан.Табиғатынан зерек, алғыр бала білімді ортада кемелденген.Естігенін, көргенін зердесіне тоқып, шешендік қабілеті де ерте ашылған. Сол арқылы айналасындағыларды еріксіз елең еткізген. 17 ғасырдың 80-жылдары Қазыбектің есімі кеңінен тарай бастады. Уақыт өте келе, Қазыбек би қазақ хандығының өміріне, ішкі-сыртқы саясатын анықтауға, қоғамның бейбіт дамуын қамтамасыз етуге зор ықпал етті. Тәуке хан тұсында "Жеті жарғыны" түзуге атсалысты. Төле би, Әйтеке би үшеуі "Жеті жарғыны" жазып, сол арқылы ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамай, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі секілді мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді. Қаз дауысты Қазыбек бидің шешендік сөздері әлі күнге дейін мәнін жоғалтпаған.қоғамдағ
Мекен жайымыз
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Талап а.о., Сұраншы Батыр ауылы, Жамбыл көшесі, 20Б үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл Ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сұраншы Батыр Ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru