Тілдер мерекесі » Сұраншы батыр ат.ОМ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+ 7(727)70-51-242
Есепші бөлімі:
+ 7(727)70-51-242
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тілдер мерекесі
05
сентябрь
2022

Тілдер мерекесі

Бекітемін                                                     Келісемін

Мектеп директорының                                                     Директордың    тәрбие   ісі     жөніндегі

м.у.а                 А .К  Кайынбаева 

орынбасары          Битебаева К.Т







« Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебі» КММ

05.09 -09.09 аралығындағы «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»                                  тілдер  мерекесіне арналған сыныптан тыс

апталығының    жоспары


Іс –шара атауы 

Сыныбы 

Мерзімі

Түрі 

Жауапты мұғалім 

1

Ашылуы 

5-11

5.09.2022


Пән мұғалімдері

2

Көп тіл  білу өмір талабы ма?

11

6.09.2022

Дебат 

Турганова А.К


«Ұлтына ұлағат қалдырған»

Ғ.Мүсірепов шығармалары

10 «А»,              «Б»

6.08.2022

Конференция 

Казтаева Г.М

3

Сен блесің бе?

Do you know?


10 «А»,              «Б»

7.09.2022

Танымдық сағат

Канатова Н.А

4

Smart English 

7 «А»

    «Б»

8.09.2022

Интеллектуалды ойын

Шарипова Н.К

Есентаева А

5

«Умники и умницы»

5  «А»

8.09.2022

Урок-игра

Мухамеджанова Т.Б

6

«Путешествие в волшебную страну Русского языка»

3 «Б»

8.09.2022

Урок-игра 

Маканова А.А

7

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

5 «А»

   «Б»

8.09.2022

Сайыс 

Текебай Д.Ж

8

Жабылуы

Салтанатты жиын 

ОЖҰ

«Теремок»

«Қызыл телпек»


5-11

9.09.2022

Сахналық қойылымдар


Сказка 

Ертегі 

Пән мұғалімдері



Искакова   С.С

Шарипова Н

Есентаева А




 Дайындаған                       Казтаева Г.М




Тақырыбы:  «Ұлтына ұлағат қалдырған»

(Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығынан конференция )

Мақсаты: Оқушыларға классик жазушының өмірбаяны мен шығармашылығын таныстыру. Биылғы жыл мектебімізде  жазушының 120 жылдығына орай ұйымдастырылған іс шараларда , конференция барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

2002 жылы ЮНЕСКО бойынша атап өтіліп, сол жыл «Ғабит жылы» аталған болатын. Академик Зейнолла Қабдолов Ғабит Мүсіреповтің көзі тірісінде-ақ айтқан: «...Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек», - деген сөзі жайдан-жай айтыла салған жоқ. Көрнекті жазушы, драматург, әдебиет сыншысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов туындыларын оқыған адам бұл айтылымның шынайылығына көз жеткізері анық.

Ғабит Мүсіреповтің сөз шеберлігі – қазақ әдебиетінің тарихында, әдебиеттану ғылымында мойындалған. Қаламгер үшін көркемдік үлгінің басты өлшемі тақырып емес, сол тақырыпқа лайық ой мен сөзді кестешінің бізіндей әсемдеп, орынды қолдана білуінде. Жазушының шығармаларын қай жағынан алып қарасаң да, жалтылдап тұрған сөз асылдары. Ойланып-толғанып, бейнені бедерлегенде өзіне керекті сөздерді бір-біріне үйлестіріп, маржандай тізіп өлшемдік табады. Ғабеңе жетер сөз зергері кемде-кем?! Қазақ қызының тағдыры жайлы хикая шертетін «Тулаған толқында» повесінен бастау алған прозалық шығармаларының тізбегі «Қос Шалқар», «Көк үйдегі көршілер», «Алғашқы адымдар» сияқты туындыларға жалғасты да, ары қарай қазақ әдебиетінің тарихында нық орын алған көркемдігі биік көлемді туындыларға ұласты. Бұлардың қай-қайсысы да назар аудармай өтуге болмайтын, өз дәуіріндегі өмірдің қарқынды өзгерістерін, кеңестік заманның шындығын бейнеледі.Жазушының «Ана» тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы ретінде 1974 жылы «Ұлпан» романы дүниеге келді. «Ұлпан» — бүкіл аналардың жиынтық бейнесі, тарихи ел шежіресінің мазмұнында құрылған роман. Романда қазақ ауылының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы кең көлемде сөз болады.Бір уез елді билеп билік айтушы, дүйім елдің үлкен-кішісіне басшы, ақылгөй болу—Ұлпан сияқты дана әйелдерге ғана тән қасиет. Ондай қайраткер аналар тарихта болған. Мәселен, Төле бидің келіні Данагүлді, Шыңғыстың анасы Айғанымды бүкіл қазақ елі пір тұтқан. Осындай ерлікпен, ақылды-даналықпен, билікпен, әділдікпен атын шығарған Ұлпан қазақ әйелдерінің жиынтық образы деуге болады. Жазушы жасаған Ұлпан — аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы дуалы, сөзі куәлы қоғам қайраткері

Сіздердің назарларыңызға оқушылардың  жұмыстарын ұсынамын.

1-Алпысбай Мерерт

Ғабит Мүсірепов ( Қазақ әдебиетінің кеңестік дәуірдегі көрнекті қайраткерлерінің бірі — көркемсөз зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Ол алғаш өз ауылында ескіше оқып, хат таныған. 14 жасында (1916 жылы) Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі, бұл мектепті бітіріп, Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебінде оқьш, жеті жылдық мектептің көлемінде білім алады. 1923 - 26 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түсіп, оны бітірісімен Омбыдағы ауыл шаруашылық институтында бір жыл ғана оқиды. Содан кейін кеңестік дәуірдегі баспасөз, халық ағарту, көркем өнер мекемелерінде әр түрлі жауапты қызметтерді атқарады.Ғабит Мүсірепов ұзақ өмір сүрген, шығармашылық ғұмыры да жарты ғасырдан астам мерзімді қамтитын қаламгер болғанымен, қайсыбір ақындар мен жазушыларға қарағанда әдеби мұралары тым қомақты емес. Мұны жазушының «аз жазсаң да саз жаз» деген ұстанымға бекіген, саннан сапаға көңіл бөлушілігі деп түсінгеніміз дұрыс болады. Академик Рымғали Нұрғалидың Ғабит Мүсірепов шығармашылығы жөнінде айтылған мына пікірін келтіре кету артық болмас: «Ғабит тіліне шешендік, мақал-мәтелдердегідей ықшамдылық тән. Ол – аткөпір етіп көп жазудан қашқан қаламгер. Бұл авторды «жалқау» деген сөз емес, Классикалық шығармаларды нысана етіп ұстау алғашқы кезден бастап-ақ тізгін тартып отыруға үйреткен». Иә, мәселе – көпте емес, епте. Аз дүние жазып та, көпке татитындай еңбек қалдыруға болатындығының мысалы – Ғабит Мүсірепов шығармашылығы.Қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығына қысқаша түрде тоқталу барысында, жазушы туындылары туралы ғалым зерттеушілердің пікірлерімен тиянақтай отыратын боламыз.

1.1   ӘДЕМІБалалық шағы қайда өтті

Ғабит Мүсірепов 1902 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында шаруа отбасында дүниеге келді. Оның азан шақырып қойған аты – Ғабді әл-Ғабит. Бұл арабша "Құдайдың құлы" деген мағынаны білдіреді. Қаламгердің әкесі Махмұт діни сауатты, өз ортасында беделді, парасатты адам болған.

1908-1910 жылдары өз ауылында молдадан оқып, арабша хат таниды. 1916 жылы Ғабитті нағашысы Оңғарбай шаруаға көмектесуге алып кетеді. Артынша Ақпан көтерілісі басталып, әскерде жүрген Оңғарбайдың балалары елге оралады. Осыдан соң, шаруадан қолы босаған Мүсірепов ауылдағы Ыбырай Алтынсарин жүйесімен ашылған орысша-қазақша бастауыш мектебінде оқиды. Онда ол белгілі ұстаз Бекет Өтетілеуовтен дәріс алады. Мұғалім болашақ жазушының әдебиетке ерекше ықылас аударуына септігін тигізді. Сондай-ақ Ғабит орыс тілін жетік меңгеруге мүмкіндік алды.

1918-1921 жылдары Пресногорьков станциясындағы жоғары жеті жылдық училищеде орысша білімін шыңдайды. Ал 1923 жылы ол жазушы Сәбит Мұқановпен бірге Орынбордағы жұмысшы факультетіне (рабфак) оқуға түседі. Бұл білім ордасында әлем әдебиеті саңлақтары мен XIX ғасырдағы орыс классиктерінің шығармаларымен танысады.

Алғашқы туындысы қабырға газетінде жарияланды

Жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш Мүсірепов жұмысшы факультетінде алғашқы шығармасын жазғанын жеткізді.

"Сәбит Мұқановтың айтуынша, ол рабфактің қабырға газетінде өзінің "Тулаған толқынында" деген очеркін жариялаған. Бұл оның алғашқы шығармасы еді. Көптеген әдебиеттанушы Ғабеңнің алғашқы шығармашылығы "Тулаған толқыннан" басталды деген пікірде", - дейді ол "Ұлт мақтанышы". Ғабит Мүсірепов" деректі фильмінде.

2-Алтынбек Ислам

Әкесі Махмұт – дөңгелек шаруалы, ел ісіне араласқан пысық адам болыпты. Балалары Хамит, Сәбит, Ғабит, Баязит, Гүлсім, Әшім болса, солардың ішінде үлкені Хамитті жастайынан ауылда оқытып, мұғалім болдырып шығарады. Өзге балалары да ағасына ілесіп, сауат ашады. Бұл турасында Ғабеңнің жерлесі әрі өмірдегі құдасы, классик жазушы Сәбит Мұқановтың «Әдеби портреттер» атты еңбегінде мынадай деректі кездестіреміз: «Мақметтен: Хамит, Сәбит, Ғабит, Баязит, Гүлсім, Әшім туады. Хамит оқу жасына жараған шақта, сол елге («Сағындық ауылы» дегенге) Уфа қаласындағы медіресе Ғалияда оқып жүрген Қамал Жайсақов (Қаз дауысты Қазыбектің ұрпағы) келеді де, жаз айларында мұғалімдік құрады. Бұрын қадымша аздап оқыған Хамит, «тете оқу» аталған жәдиттен тез сауаттанып, шәкірттердің алдыңғы қатарында болады.» Хамиттің тапқан табысы отбасын асырауға жетпегендіктен, Ғабит пен Сәбиттің жергілікті байларға жалданған кезі де болыпты. 1916 жылы ақ патшаның маусым жарлығы бойынша елден қара жұмысқа азаматтар алғанда, Ғабитті Обаған бойында тұратын нағашысы Оңғарбайдың қолындағы екі ұлы майданға аттанады. Қолы қысқарған Оңғарбай жиені Ғабитті өзіне қолғанат қылу үшін алып кетеді. Осы ауылда Ыбырай Алтынсарин үлгісіндегі орысша-қазақша бастауыш мектепте болашақ белгілі балалар жазушысы, педагог ұстаз Бекет Өтетілеуов қызмет ететін. Ғабит Мүсірепов осы мектепте жеті ай бойы білім алады. Орысша тіл сындырып, бастауыш деңгейдегі білім игереді. «Автобиографиялық әңгіме» атты туындысында осы кезеңнің оқиғалары суреттеледі. Осы жылы күзде үйіне оралған соң әкесі Ғабитті Пресногорьковкадағы жеті жылдық орыс мектебіне сабаққа береді. Аталған білім ошағында оқып жүргенде елде азаматтық соғыс басталып, ақтар мен қызылдардың шайқасы жүріліп, Ғабит Мүсірепов те осы оқиғалардың бел ортасында болады. Таузар болысының соғыс бөлімін басқарады. Бұдан соң Благовещенкада құрылған аудандық милиция штабының бастығына тағайындалады. Мұнда 1923 жылға дейін қызмет атқарады.

3-Тасболат А----------------------------------------------

Ғабит Мүсірепов – ана тақырыбына жиі қалам тартқан классик жазушы. Оның кітап боп басылып шыққан күнделігінде көбіне шығармаларының жоспары жазылған. Кейде күнделікті түйген ойларын да түртіп отырған.


 
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Әйел, ана, арулар тақырыбына арналған Ғабит Мүсірепов

шығармаларының ішіндегі ең көлемдісі де, көрнектісі де – «Ұлпан» романы.

Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, романда көрінетін Ұлпан тек

қана жазушының өз шығармашылығы емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі оқшау

тұрған әдеби бейне. Туындыда қарапайым қазақ қызының ел анасына

айналуына дейінгі оқиғалар баяндалады. Қазақ ауылының жүз жылдық

тұрмысы, әдет-ғұрпы, барымта, қалыңмал беріп, қыз айттыру, бай мен кедей

арасындағы, ел арасындағы жер дауы, жесір дауы мәселесі де қалыс

қалмаған. Әрбір адам кітапты оқып шыққаннан кейін қазақ болып

туылғандығын мақтан тұтып, өмірлік мақсатын айқындай алады деп

ойлаймын. Ер азаматты қадірлеуді, ата-анаға, ел-жұртқа қамқор болуды

үйрене аласыз.

Жеті мың бетке жуық қолжазба, жазу кітапшаларын қалдырған

Леонардо да Винчиге еліктеген қазақтың сөз зергері Ғабит Мүсірепов қойын

дәптеріне «Менің Джокондам – Ұлпан» деп жазған екен.

Ұлпан – аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, аузы

дуалы қоғам қайраткері. Осындай аналарымызды бүгінгі ұрпаққа насихаттау,

қыздарымызға үлгі ету әрбіріміздің парызымыз деп білейік!


  4-Жүмәділ А

Әдебиетпен айналысуына кім түрткі болды?

Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің жас айырмашылығы бар болғаны екі жас. Жазушы өзінің "Автобиографиялық әңгімесінде" әдебиетпен шұғылдануына кім түрткі болғанын былайша баяндайды:

"Менің кітапқа деген құмарлығымды, азды-көпті сынай алатынымды байқап, Сәбит маған – "жазуға кіріс" деп мазалап жүрді. "Сәкеннің көрдей қараңғы бөлмесінде Сәбитпен бірге тұрдым. Бейімбет пен Сәкеннің өлеңдерін газет-журналдардан оқи бастадым. Бейімбеттің "Шұғаның белгісі" бір түрлі әдемі жазылғанын көрдім. Ішімнен жазуды қаласам да, қолым бармай жүрген".

Мүсірепов 1926 жылы Орынбордағы жұмысшы факультетін бітіреді. Ал 1926-1927 жылдары Омбы қаласындағы ауылшаруашылық академиясында оқиды. 1927-1928 жылдары Щучинск орман шаруашылығы техникумында оқытушы болып еңбек етеді. 1927 жылдан коммунистік партияның мүшесі атанады.

1928 жылдан бастап Қазақстанның партия, совет баспа орындарындағы әртүрлі жауапты қызметтерде болды. 1928-1932 жылдары Қазақстан мемлекеттік баспаның бас редакторы міндетін атқарды.

5-Әділ Ж

Бесеудің хаты

Жиырмасыншы ғасырдағы ұжымдастыру науқаны елді жаппай аштыққа ұшыратып, ел басына зауал тудырды. Қолдан ұйымдастырылған зымиян саясатқа қарсылық білдірген Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Қадыр Қуанышев сынды қазақ зиялылары Сталинге арнап хат та жазады. Сұрапыл кездің шындығын көрсеткен наразылық хаты сол кезде ел басқарған Голощекиннің қолына түскен. Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» тарихи драмасы тарихта құжат ретінде қалған осы хаттың негізінде жазылған. Пьесада бюро жиналысы бейнеленеді. Шығармада ел басына түскен зауал Ғабиттің сөзімен беріліп, оның ұлт мүддесін қасқая қорғап, басын өлімге тіккен ерлігі айтылады. «Бесеудің хаты» – жас ұрпаққа тарихымызды білдірер, халық қасіретін ұқтырар туынды.

Жазушы мұның соңы жақсы болмайтынын түсінеді. Алайда 1932-33 жылдардағы ашаршылық Ғабит Мүсіреповтің жадында өшпес кезең болып қалды. Қазақтың бір уыс бидайға жарымай қалғаны елінің ертеңін ойлаған қаламгердің жанына қатты батты. Осылайша, бар шындықты бұрмалап, жоғары жаққа "бәрі керемет" деген Голощекиннің саясатын сынағандардың қатарында Мүсірепов те болды.

Тіпті, БК(б)П қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Филипп Голощекиннің жайдарлы отырысын алдына түскен "Бесеудің хаты" өзгертіп жіберген көрінеді.

Хаттың авторлары – Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Қадыр Қуанышев.

Салдарынан НКВД-ның офицерлері бесеудің ізіне түсіп, ұстауға себеп іздей бастайды. Барлығы "халық жауы" атанып, қуғынға ұшырайды. Бірақ Мансұр Ғатауллин бар кінәні мойнына алып, ату жазасына кесіледі. Бірақ Ғабеңе де қауіп төнеді. Оған "Тулаған толқында" мен "Шұғыла" шығармаларының мазмұны да елдің колхоздастыру саясатына тікелей қарсы бағытталған деген айып тағылды. Салдарынан 1938 жылдың  Ғабит Мүсірепов қызметтен де алынды, партиядан да шығарылды. Алайда ол абақты мен ажалдан аман қалды.

«Бесеудің хаты»

1932 жылы 4 шiлдеде БК (б) П Қазақ өлкелiк комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ф.И.Голощекинге бiр хат келiп түседi. Қазақстан ауыл шаруашылығының астаң-кестеңiн шығарып, қорасында «ашатұяқ қалмаған» қарапайым халықтың қырылғанына қарап ләззаттанып отырған басшы хатты ашып қалғанда-ақ өрт сөндiргендей түнерiп кетедi. Хаттың қысқаша мазмұны мынадай едi:

Ф. Ордер

Шындықты бұрмалап, жоғары жаққа «Кеңестер елiнде бәрi керемет!» деп есеп берiп келген Өлкелiк комитеттiң төбесiнен жай түсiрген бұл хатты жазған бесеу кiм едi? Тарихшы не болмаса өздiгiнен iзденетiн аз ғана топ болмаса, барша бұқара бүгiнде «Бесеудiң хатын» да, оны жазған бесеудi де ұмыт қалдырғандай. Тiптi қазақ тарихында сондай бiр оқиғаның болғанын да, оның трагедиялық ақырын бiлмейтiндер де бар. Шыны керек, хабары бар деген өзiмiздiң де бiр Ғабеңнен басқасының атын бiлгенiмiз болмаса, затын түстеп бере алмаймыз. Ал ақиқатында бес том кiтап жазуға лайық «бесеу» мiне мыналар:

1. Кеше ғана бiр қойдың етiн бiр-ақ асып жеп, қымызды сабасымен iшетiн халықтың ендi бүгiн бiр уыс бидайға зар болып, аштықтан қырылып жатқанына бейжай қарай алмаған жазушы Ғабит МҮСIРЕПОВ басында Мұташ Дәулетқалиевке ғана осыны қолға алу керектiгiн айтып, сыр бөлiссе керек. Содан екеуi түнделетiп бiрде Мұтағаңның, бiресе Ғабеңнiң үйiнде бас қосып, тiптi жарларына да тiс жармай, құпия түрде хат мәтiнiн әзiрлеуге кiрiседi. Хат дайын болғанда, қатарларына тағы Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков пен Қадыр Қуанышевтар қосылады. Сонымен, бесеудiң басын қосқан – жазушы Ғабит Мүсiрепов.

... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық (қыстың екiншi жартысынан бастап) жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?.. Нағыз көзбояушылар, көпiрме жоспарлар жасаушылар, оның үстiне өздерiне жүктелген нақты iс басқара алмаған, көзбояушылықпен «бәрi де жақсы» деп тұжырымдап, өнеркәсiп саласындағы жетiстiктерге арқа сүйеген, сөйтiп, осынау елеулi мәселелерге жұртшылық назарын әлсiреткен жер органдары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерi одағының мүшелерi неге бүкiл жұртшылық алдында сабақ боларлықтай сазайын тартпайды?

6-  1..  ОРЫНБАЙ    Ш

"Қазақ солдаты" романы

Қазақ әдебиетінің проза саласында екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туындыны Ғабит Мүсірепов жазды. Майдан шындығы көрініс тапқан "Қазақ солдаты" туындысы оның тұңғыш романы болды. Қаламгер бұл романды 2-3 рет өңдеген.

"Мен соғыс отын кешкен жоқпын. Майдан сұрапылының суреттерін көз алдыма ақылмен елестетіп жаздым. Шығарманы бірінші жақтан әңгімені геройымның өзіне айтқызып отырып, баяндаған тәсілімде сондықтан еді", - дейді жазушы өз естелігінде.

Жазушы, филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыштың пікірінше, "Қазақ солдаты"романы ерекше туынды.

"Бір жағынан кейіпкер таза қаһарман емес. Ой үстінде жүрген интеллектуалды адам, әрі өзінің махаббатына берік, қазақтың сарбазы ретінде көрінеді. Отанға, туған жерге деген сағынышы қырғын соғыс кезінде үнемі бас қаһарманның көз алдынан елестеп отырады. Осының бәрі Ғабеңді көркем сөздің шебері деген пікірге еріксіз алып келеді", - дейді ол.

Сонымен қатар "Өмір жорығы", "Қыран жыры" сияқты әңгімелері терең ойлы шебердің қолынан шыққан туындылар. Ал "Кездеспей кеткен бір бейне" атты повесі жазушының шын зергерлігін танытты. Бұл повесте жазушы азамат соғысы жылдарындағы қазақ ауылындағы өмір шындығын айқын суреттейді.

Сонымен қатар жазушы "Қыз Жібек", "Қозы Көрпеш Баян сұлу", "Ақан сері Ақ тоқты" пъесаларын жазып шықты. Бұл – XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің зор табысы. Ол жазған "Қыз Жібек" операсы мен "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" балетінің либреттолары қазақ операсындағы таңдаулы либереттоның қатарында.

6-2...  НҰРАСЫЛ 

Мүсіреповтің алғашқы романы – “Қазақ солдаты”. 1945 ж. “Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 ж. қайта жариялады. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында 2-дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Романның басты кейіпкері – Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті.

7-БЕКБОСЫН Е

"Амангелді" фильмінің сценарийін жазды

Ғабит Мүсірепов "Амангелді" атты бірінші қазақ киносының сценарийін жазуға өз үлесін қосты (Вс. Иванов, Б.Майлинмен бірге). "Махаббат туралы дастан" және екі сериялы "Қыз Жібек" фильмдерінің сценарийін жазды.

Жазушыаудармасаласында да біразеңбексіңірді. Ол О. Генридіңновеллалары, Сильвестр Тагараоныңәңгімесін, Максим Горький, Михаил Шолохов, Ванда Василевская, Илья Эренбург шығармаларынқазақтілінешебераударды.

Сондай-ақҒабитМүсіреповаударған Уильям Шекспирдің "Антоний мен Клеопатра", Александр Островскийдің "Таланттылар мен табынушылар", Мольердің "Сараң", Константин Симоновтың "Орыстар" аттыпьесалары да ұлттықдраматургияныңөсіп, өрлеужолындаоңәсеретті.

1977 жылы "Суреткерпарызы" кітабыүшінҚазақ КСР ғылымакадемиясыныңШоқанУәлихановатындағысыйлығыменмарапатталды.

8-АЖАР 

“Оянғанөлке” (1953) тарихироманындақазақхалқының 19 ғасырдағыөміріүлкенсуреткерлікпенөрнектелген, қазақжерінеөндірісорындарыныңорнайбастауышынайысипатталған. Шығармадажазушыескіліктіәдет-ғұрыптардысынап, кейбіркертартпадәстүрлердіңқазақдаласындаазаябастағандығынкөрсетті. ҚазақтопырағындағыҚарағандышахтасы мен Ақбұйрат мыс қорытузауытыныңқұрылуы мен жаңаөміргеұмтылғанадамдартағдыры, характер шиеленістері, түрліқақтығыстар – барлығыромандакөріністапты. ҮштомғалайықталғанеңбектіңалғашқыкітабыЖұман мен Игіліксекілдіқазақбайларының, орысбайлары мен жұмысшытобыныңтартыстықатынастарынжан-жақтыкөрсетуарқылықазақдаласыныңбүкілбірдәуірінсуреттейді. Көркем филос. толғауыбасым роман қазақпрозасыныңшоқтығыбиіктуындысыретіндетанылды. “Оянғанөлкенің” заңдыжалғасыболыптабылатын “Жат қолында” (1984) романы 30 жылдансоңжарықкөрді. Бұлкітаптыөзалдынадербесшығармадеуге де болады. Өйткеніромандасуреттелгенөміркезеңі де жаңа, кейіпкерлері де соны. Роман өндірісошақтарынағылшындар мен француздардыңбилеп-төстеуі мен солтұстағы (19 ғасырдыңсоңы мен 20 ғасырдың басы) халықтұрмысынтарихитұрғыдантереңбейнелеуімен, ОрталықҚазақстанөңіріндегіәлеум. өмірдіңшындығынкеңауқымдабайыптытүрдесуреттеуіменқұнды. Жазушыбейнелепотырғандүбірліоқиғаларға толы тарихимезгілсолтұстаөмірсүргенжекелегенадамдардыңсомдалғантұлғалары, сан алуанәрекеттері, тағдырларыарқылыоқырманныңкөңілайнасынанөтіп, көзалдынаелестепотырады.
 
 
9-Сейлхан   Е -Аңшылықтыұнатқан-----

Қаламгер аңшылыққа жаны құмар болған. Кейдетабиғатаясынасеруендеп, төрт-бес күндепқонып, жансергітіп, әсемтабиғатқаішкісырынақтарып, шабыталыпқайтқан. Мүсіреповтуралытағыбірестеліктеоныңүшмылтығыболғаныайтылады. Оныңбірі – ескібесатарболса, бірі – жапонмылтығы, ал үшіншісі – малопулька. Соңғысынкөбінесеөзіменбіргеалыпжүрген. Сондай-ақжазушы бильярд ойнауды, таяқжонудыжақсыкөріпті. Олбарғанжеріндекөзінетүскенәдемібұтақтардыкестіріпалып, соныжонып, әдемітаяқтаржасаған.

 10.  АЗАМАТ 

 Тазалықты жаны сүйген қаламгер

Жазушы қашанда жинақы, таза жүрген. Шәкіртінің бірі Сәбит Досанов Мүсірепов туралы естелігінде былай деп жазады:

"Алдымен күтушіге бетіне арнайы массажын жасатады. Соданкейін пудра жағып, тон салады. Ырғалажүріп, ешасықпайкиінеді. Француз әтірінсебеді. Үлкенқаракөзілдіріккигендебеттегіәжімдержасырыныпқалады. Сондай-ақ, галстук міндеттітүрдекостюмменүйлесімтабуыкерекнемесешұлығы да аяқкиімменүндесуікерек. Таранып, сыланғансоң, ҒабитМүсірепов 20 жастағыжігіткеайналыпшығакеледі. Расында, жазушыайнаалдындакөптұрып, өзінесондайкереметкүтімжасаған. ОныңүстінеҒабеңненосылайжүруіне жары Хұсни де себепкерболған. Басқалардыңәйелішалбарды су шашыпүтіктесе, Ғабеңнің жары әтірсеуіпүтіктейтін", - делінгенестелікте.

Отбасытуралы не білеміз

Сүйіктіжарыныңесімі – Ғұсни. Екеуі 40 жылбіргетұрып, Ғалия, Роза, Мара, Райханесімді 4 қыздытәрбиелепөсірген. Алайда 1964 жылыжазушының жары Хұсниөмірденөтеді. Бұлуақыттажазушыныңсүйіктісінеайналған Раиса Мұхамедиярованыңаяғыауыреді. ОларХұснидіңжылынөткізбейшаңырақкөтереді. Осылайша, 62 жастағыжазушы 25 жастағыактрисаныұнатып, жаңаотбасынқұрады. АлайдаМүсіреповтыңекіншікөтергенотауыкөпкебармайды. Раиса Мұхамедиярованыңайтуыншаәркімніңалпа-қашпаәңгімелеріненоларайырылысыпкетеді.

1985 жылдың 31 желтоқсанындахалықжазушысы 83 жасындаөмірденөтті.

-









































5-сынып нөлдікбақылаужұмысы


Сәмбі тал
 Сәмбіталдыінжу тал десе де болады. Біртүрлімұңайыпсізбенсырласқысыкелетіндей. Мұңыншаққысыкелетіндей. Сәмбіталдыңтұқымыосындақалады. Ол саз жергебітеді. Көпжуандамайды. Әрікетсебілектіңжуандығындайболады. Біртамырдантоптанып, шоқтаныпалтау - жетеу, одан да көпшыбықтарайды. Жан - жағынакөпбұтақжаймайды. Сыптайболыптүзуөседі. Өзісолқылдақ та иілгішкеледі. Киізүйдіңсүйегі осы сәмбіталданжасалады.
 Апыр - ай, табиғатанашебер - аққой! Төрттүлікмалдыңқамыменкөшіп - қоныпжүргенқазаққакиізүйдіңсүйегінеарнапдап - дайынсәмбіталдыөсіруінқарашы! Кереге, уық, шаңырақдегендергетаптырмайды.
 (О. Әбілдаев, 98 сөз)

Граматикалық тапсырма дыбыстық талдау 

Сәмбі тал

С-

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Талап а.о., Сұраншы Батыр ауылы, Жамбыл көшесі, 20Б үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл Ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сұраншы Батыр Ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru