05
декабрь
2022
Онкүндік 30.11.2022ж
Отдела образования по Жамбылскому району ,"Мұрагер" қазақ тілі,әдебиеті және тарих бірлестігінің онкүндігі мұғалімдер арасындағы керемет байқаумен өз мәресіне жетті.Қазіргі таңда сәнге айналған түрлі-түсті кеш форматындағы әдеби кеш мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытып,кітап оқу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды."Өркен" бастауыш ӘБ Ж.Аймауытовтың "Ақбілек"романын оқып сәйкесінше ақ түсті "Зере"Миф ӘБ М.Әуезов "Көксерек "повестін,сәкесінше көк түсті, "Салауат" ӘБ Ш,Мұртаза "Сарыала қаз"әңгімесі,ары түсті,"Дружба"ӘБ "Қызыл жебе","Парасат"ӘБ М.Әуезов "Қаракөз" драмасын оқып шықты. Алдын ала берілген тапсырма бойынша ,әр бірлестік өздеріне берілген көркем шығарманы толық оқып,оған жарнама жасап,үзіндісінен көрініс қойды.Берілген шығармалардағы түстер бойынша киініп дайындалды. "Мұрагер"ӘБ мүшелері әділқазы болып шығармалар бойынша сұрақтар қойды. Нәтижесінде,1-орын "Салауат",2-орын "Зерде",мен "Дружба " 3-орын "Өркен" мен "Парасат " алды. Артынан сыйлықтар дипломдар таратылды.Кеш өте мағыналы,көңілді өтті.