Мектепке жол акциясы » Сұраншы батыр ат.ОМ
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа села Сураншы батыра
"Отдела образования по Жамбылскому району "
Управления образования Алматинской области
Приемная
+ 7(727)70-51-242
Бухгалтерия
+ 7(727)70-51-242
Версия для
слабовидящих
» » Мектепке жол акциясы
05
август
2023

Мектепке жол акциясы

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ
Алғашқы қоңырау соғылып, балалардың мектепке барар сәті де алыс емес. Жыл сайын бағасы шарықтай түсетін оқу – құралдары мен мектеп формасын сатып алуды баршаның қалтасы бірдей көтере бермейтіндігі рас. Ал, жаңа оқу жылына даярланып жатқан ата – аналар мен балалардың осынау қарбалас сәтінде азаматтық қоғам қандай көмек қолын соза алады?!
Жыл сайын дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының осы сәттегі қиыншылықтарын жеңуге бағытталған игі шара. Балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру мақсатында ағымдағы жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығындағы «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық акциясы өтетіндігін хабарлай отырып, ауыл тұрғындарын акцияға белсене қатысуға шақырамыз.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
Акция аясында халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, үлкенге құрмет, кішіге – ізет көрсету, жас ұрпақ бойына рухани адамгершілік дәндерін себуге бағытталған шаралар жүргізіледі. Халқымызға тән ұлттық ерекшеліктерді, мейірімділік, қайырымдылық, әділдік сынды ең асыл қасиеттерді насихаттау кеңінен өріс алады.
Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ.
Құрметті қауым, акция барысында үкіметтік емес ұйымдарды, кәсіпкерлерді және мемлекеттік органдарды, акцияға белсене қатысуға, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау жасауға шақырамыз.
Әлеуметтік педагог Сагадиева Асел. Тел: 87772063191
Наш адрес
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Талап а.о., Сұраншы Батыр ауылы, Жамбыл улица, 20Б үй

©2016-2021, Ресми сайт Коммунальное государственное учреждение Жамбыл Ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сұраншы Батыр Ауылындағы орта мектебі» Управления образования Алматинской области.
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru