27
август
2024
«Қауіпсіздік — біздің жауапкершілігіміз!»
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, "Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебі" КММ-де 26 қыркүйек күні 5-9 сыныптар аралығында «Қауіпсіздік — біздің жауапкершілігіміз!» атты іс-шара өткізілді. Мектеп директоры Молдагужин Д.Т. оқушыларды қауіпсіздік мәселелері бойынша таныстырып, мектептің қауіпсіздік шараларын нығайтуға арналған жоспарларын бөлісті.
ДТІЖО Битебаева Қ.Т. балаларға мобильдік ойындардың қауіптері туралы ақпарат беріп, олардың психологиялық әсерін түсіндірді.
Психолог Раймхожаева А.С. оқушылардың эмоционалдық жағдайын қорғау, стресстен қалай арылу және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша кеңестермен бөлісті.