Канатова Нәзипа Алдабергенова » Сұраншы батыр ат.ОМ
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+ 7(727)70-51-242
Есепші бөлімі:
+ 7(727)70-51-242
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Канатова Нәзипа Алдабергенова
09
октябрь
2023

Канатова Нәзипа Алдабергенова

"Сұраншы батыр ауылындағы орта мектебі"КММ
Канатова Нәзипа Алдабергенқызы 
Ұстаз сөзі...
Ұстаз сөзі деген не? Оның мағынасы қандай? Ұстаз не айтуы мүмкін?..
Оны білгіміз келсе, Алматы облысы Жамбыл ауданы Сұраншы батыр ауылындағы орта мектептің мұғалімі Қанатова Нәзипа Алдабергенқызының өмір жолына үңіліп көрейік.
Ұйғыр ауданы Үлкен Дихан мектебін үздік аяқтаған, Алматы шетел тілдері институтын бітірген, оған қосымша Абай атындағы педагогикалық университетті қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы мамандығы бойынша оқып шыққан Нәзипа Алдабергенқызы 39 жылдан асқан ұстаздық жолында өз мамандығына деген адалдықтан айныған емес. Ол алдына келген әрбір шәкіртінің жүрегіне жол таба білді, көкірек көзін ашты, болашағына тура бағыт бере білді. Тек сабақ берумен шектелмей, дарынды шәкірттерді ғылым жолына тартып, республика көлемінде жүлделі орындар алды. Жамбыл мен Мұқағали ақынның жыр-дастандарын мәнерлеп жатқа оқитын шәкірттері де атаулы бәйгелерден құр келген емес. Өз кезегінде еңбегі еленіп, аудандық, облыстық білім басқармаларының, Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталып отырды. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері атанды.
Көркемсөз оқудың шебері ақын-ұстаздың Алматы облыстық тіл комитеті ұйымдастырған «Тіл-тағдыр» атты жазба ақындар мүшайраларында үш жыл қатарынан топ жарып, бас бәйге, бірінші орынға ие болғанының өзі неге тұрады? Шығармалары бірнеше ұжымдық жинаққа енген ұстаздың 2021 жылы «Таңдайымда тәңір сыйы» атты жыр жинағы баспадан жеке кітап болып шығып, өлеңсүйер қауымға жол тартты.
... Сонымен, ұстаз сөзіне назар аударайық:

Жағып жүрмің жаңа заман, жаңа ілім шырағын,
Барыс бейне болашағым – жаңылмайтын ұраным!
Менен сабақ алып тұрған алдымдағы әр бала –
Тәуелсіздік тұғырында тұрған елдің Ұланы.

Әр баланың жөні бөлек, жаны бөлек сан алуан,
Әр кеудеде от лаулайды, ұшқын атып жанарлар.
Үкіленген үмітпенен келіп еді алдыма,
Қауырсыны қатайды да, қанат қақты сан арман.

Ыбырайдың ізгі ойының сарқытымын сақтаған,
Ұстаздықты ұлықтадым. Түбі осыдан бақ табам.
Ұлтын сүйген , тілін сүйген ұлағатты ұлы адам -
Ахметтің асыл сөзі мына мені баптаған.

«Мамандығым – мақтанышым» деген жанның бірімін,
Сол арқылы биікпін мен, сол арқылы ірімін!
Ұстаз жолын таңдағанмын, өкінішім жоқ менің,
Осы жолда қызмет етем жеткенінше ғұмырым.

Мамандығымен мақтана алатын, мамандығынан бақ таба алатын ұстаздар қатары көбейе берсін!...
#АдалазаматАдалеңбек
#ЖамбылауданыБілімбөлімі
Мекен жайымыз
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Талап а.о., Сұраншы Батыр ауылы, Жамбыл көшесі, 20Б үй

©2016-2021, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл Ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сұраншы Батыр Ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru